QazIndustry «Өңдеу өнеркәсібі апталығы» аясында «Субконтракт биржасы – 2022» өткізуді жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Сізге деген құрметін білдіреді және «Өңдеу өнеркәсібі апталығын» өткізу аясында 2022 жылғы 21 қыркүйекте         Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, EXPO «Субконтракт  биржасы – 2022» (бұдан әрі – Биржа) өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлайды.

Кооперациялық байланыстар орнату, жаңа серіктестер мен жаңа нарықтар іздеу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және B2B байланыстарын қалыптастыру үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында тікелей келіссөздер ұйымдастыру Биржаны өткізудің мақсаты болып табылады.

Осы іс-шараға қатысу болашақ серіктестерді іздеуді барынша тиімді қамтамасыз ету,  ірі тапсырыс берушілер алдында өз өндірісінің әлеуетімен таныстыру, келіссөздер жүргізу, өндірістік қуатты қосымша жүктеу  үшін қосымша тапсырыстар табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өндіріс тиімділігін арттыру үшін ірі тапсырыс берушілермен берік серіктестік қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.

Алдағы  Биржаға ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құрушы кәсіпорындар, отандық тауар өндірушілер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері  қатысады.

Биржаға тіркелуді  https://forms.gle/gmbASQ67QjYmqYzs5 сілтемесі бойынша өту қажет.

Барлық сұрақтар бойынша  +7 (7172) 793399 (1079 Темірлан, 1000 Райхан) телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.