«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясы үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында ағымдағы жылғы 5-30 қыркүйек аралығында Абай, Қарағанды облыстары және Шымкент қ. өнеркәсіптік кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.
5–6 қыркүйек - Абай облысы: «Семспецнаб» ЖШС,
«КазЭлектроМаш» ЖШС.
14 - 15 қыркүйек - Қарағанды облысы: «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС, «Жакко Қарағанды» ЖШС.
26 - 30 қыркүйек – Шымкент қ.: «Azalatextile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС,
«Asia Trafo» ЖШС.
Жүргізілетін жұмыстар кәсіпорындардың ағымдағы жағдайын талдау, жаңғырту процесін нақты сипаттау, кезеңдік цифрлық жол карталары, отандық цифрлық шешімдер пулы және мемлекеттік ынталандыру құралдарының қолданыстағы шараларынан тұрады. Сонымен қатар, алдағы уақытта кәсіпорындарға әзірленген цифрлық стратегияларды іске асыру кезінде сүйемелдеуге жәрдем көрсетілетін болады.
Өнеркәсіп субъектілеріне цифрлық шешімдер енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін АТ-компанияларды бірлескен сапарға қосылуға шақырамыз.
Көшпелі іс-шараларға қатысу туралы өтінімдер төмендегі мерзімдерге сәйкес қабылданады: Абай облысы – 2022 ж. 1.09. дейін, Қарағанды облысы – 2022 ж. 09.09. дейін, Шымкент қ. – 2022 ж. 22.09. дейін.
Қатысуға өтінім жіберу үшін байланыс:
e-mail: a.sitbatalova@qazindustry.gov.kz, A.Mukushkin@qazindustry.gov.kz, тел.: 8 (7172) 79-33-90 (1153, 1075), сот.: 8702 132 3289, 8707 522 1495.