QazIndustry цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша тегін вебинарлар өткізеді

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлеріне арналған цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша тегін оқу вебинарларын өткізуді жалғастыруда.

Қыркүйектегі вебинарлар тақырыптары өндірістік ортаға цифрлық өнімдер енгізудің практикалық тәжірибесімен алмасуға, сондай-ақ, іске асырылған жобаларды және цифрлық шешімдерді енгізуден алынған нәтижелерді таныстыруға бағытталған.

 

2022 жылғы қыркүйек айындағы вебинарлар кестесі:


р/с

Оқу бойынша тақырыптар

Қысқаша сипаттама

Оқуды ұйымдастыру

Өткізу мерзімі

1

«Өндірістік қызметкерлерді оқытуға арналған цифрлық технологиялар»

Виртуалды және толықтырылған шындықты қолдану арқылы оқыту, тәжірибе мен білімді сақтау әдістері.

«ROQED» ЖШС

02.09.2022 ж.

15:00 сағ.

 

2

«Кәсіпорынның цифрлық қауіпсіздігі»

Ақпараттық ортаның цифрлық трансформациясы жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпаратты қорғаудың заманауи әдістері мен техникалық құралдарын қолдану тәжірибесі, ақпаратты қорғау жүйесін құру бойынша тәжірибелік ұсынымдар

«JK and Partners» ЖШС

06.09.2022 ж.

     сағ.15:00

3

«Өндірістік АТ-жүйеге өнеркәсіптік интернет технологияларын енгізу»

Технологияларға  өнеркәсіптік заттар интернетін енгізу және  оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізу

 

 

 

Siemens

09.09. 2022 ж

   сағ.15:00

4

«Өнеркәсіптік роботтарды нақты мысалдар бойынша енгізу»

 

 

Нақты мысалдарға негізделген өндірістік робототехниканың негізгі технологиялық

трендтері

 

«Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ

12.09.2022 ж.

    сағ.15:00

5

«Мемлекеттік ынталандыру шаралары»

Мемлекеттік ұйымдар тарапынан өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған ынталандыру шаралары туралы ақпарат

 

 

«Даму» КДҚ» АҚ

 

 «КДҚ» АҚ

 

«QazInnovations» инновациялар

ды

дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ

 

«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және эспорт орталығы» АҚ

14.09.2022 ж.

 сағ.15:00

6

«Өндірістік АТ-жүйеге Big Data енгізу»

Big Data енгізу, өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған Big Data талдау платформасын енгізу басымдықтары  

Datanomix.pro

16.09.2022 ж.

сағ.15:00

7

«Өндірістегі кайдзен»

Бағдарлама «Өндіріс жұмысының тиімділігін қалай арттыруға болады?», «Ақауларды қалай қысқартуға болады?», «Еңбек өнімділігін қалай арттыруға болады?», «Апаттар мен жарақатарды қалай азайтуға болады?»,

«Өндірістегі жасырын маржа шығындарын қалай табуға болады?» деген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді

«Өнімділік және сапа орталығы» ЖШС

23.09.2022 ж.

сағ.15:00

8

«Өндірістік АТ-жүйеге  цифрлық телқосақ  технологиясын енгізу»

Өндірістің цифрлық телқосақтары  – ішкі процестер және  техникалық сипаттамалар

Siemens

27.09.2022 ж.

сағ.15:00

9

«Өндірістік АТ-жүйеге жасанды интеллект технологиясын енгізу»

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған жасанды интеллекттің негізгі түсініктері мен технологиялары

«Tech Hub Limited» компаниясы (МФЦА)

30.09.2022 ж.

сағ. 15:00

 

Вебинарларға қатысуға тіркелу https://forms.gle/1TAEBJjadYSK6MFL9 сілтемесі бойынша қолжетімді.

Жоспарланған вебинарлардың толық кестесі: https://qazindustry.gov.kz/ru/article/2132-qazindustry-zapuskayut-seriyu-besplatnykh-vebinarov-dlya-promyshlennykh-predpriyatiy-po-tematikam-industrii-40