2022 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Өңдеу өнеркәсібі апталығын» өткізу шеңберінде «Субконтракт биржасы – 2022» (бұдан әрі – Биржа) Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, EXPO, 2-қабат, 3 Конференц-зал мекенжайы бойынша өтеді.
Биржаға ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құрушы кәсіпорындар, отандық тауар өндірушілер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысады.
Биржаның мақсаты кооперациялық байланыс орнату үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында тікелей келіссөздер ұйымдастыру, жаңа серіктестер мен жаңа нарықтар іздеу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және B2B байланыстарын қалыптастыру.
Іс-шараға қатысу отандық тауар өндірушілерге болашақ серіктестерді іздеуді барынша тиімді қамтамасыз ету, келіссөздер жүргізу, өндірістік қуаттарды қосымша жүктеуге тапсырыстар табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өндіріс тиімділігін арттыру үшін ірі тапсырыс берушілермен берік серіктестік қарым-қатынас орнату жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні "Қазцинк" ЖШС, «ERG Еуразиялық компаниялар тобы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «KAZ Minerals» компаниялар тобы, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., «Казфосфат» ЖШС және т.б. ірі жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ, 50 астам отандық тауар өндірушілер Биржаға қатысатындарын растады.
Сонымен қатар, ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен өндірушілер арасында меморандумдар мен шарттарға қол қою жоспарланып отыр.
Биржаға тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/gmbASQ67QjYmqYzs5. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (7172) 793399 (1079 Темірлан, 1000 Райхан), 8-702-613-44-84 – Райхан.