QazIndusty мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша жыл басынан бері 152,6 млн. тенгеге 35 кәсіпорынның шығынын өтеді

Экспортты ілгерілету, инновацияларды дамыту, өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау - «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның басты міндеттері.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында акционерлік қоғам индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттарын түсіндіру бойынша 273 ауызша консультация өткізді.

Бұдан басқа, «KazakhExport» ЭСК» АҚ - мен, Astana Hub-пен бірлесіп Павлодар, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент және Нұр-сұлтан қалаларының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін 19 онлайн-вебинар өткізілді.

Сондай-ақ, республиканың 7 өңірінде: Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбына семинарлар ұйымдастырды. Семинарға 320-дан астам адам қатысты.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында еліміздің 16 облысынан жалпы 293 өтінім келіп түсті. Ең көп өтінім түскен қала – Астана (87 өтінім, 1-кесте). Салалық бөліністе машина жасау саласы көш бастап тұр. Айта кету керек, экономиканың барлық салаларын басым секторлар арқылы қолдау ағымдағы жылы маусым айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бекітілген басым тауарларға дейін кеміді. Бұл тізбе өңдеу өнеркәсібінің 3800 астам тауарынан тұрады. Осы тізбеден тауарлар өндіретін шағын және орта кәсіпорындар уәкілетті органмен Бәсекелестікті арттыру туралы келісім жасауға өтініш бере алады.

Келіп түскен 293 өтінімнің 35-нің шығындарын өтеу туралы шешім қабылданды. Кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

 

Өңірлік бөліністе:

 

№ п/п

Аймақтың атауы

Келіп түскен өтінімдер

Өтелген өтінімдер

1

Ақтөбе облысы

1

-

2

Атырау облысы

2

1

3

Шығыс Қазақстан облысы

15

1

4

Алматы қ.

31

5

5

Нұр-Сұлтан қ.

87

11

6

Шымкент қ.

13

-

7

Жамбыл облысы

19

2

8

Батыс Қазақстан облысы

18

4

9

Қарағанды облысы

24

4

10

Алматы облысы

32

2

11

Павлодар облысы

14

-

12

Солтүстік Қазақстан облысы

3

-

13

Ақмола облысы

7

1

14

Қостанай облысы

9

1

15

Маңғыстау облысы

5

-

16

Түркістан облысы

13

3

 

           Салалық бөліністе:

 

№ п/п

Саланың атауы

Келіп түскен өтінімдер

Өтелген өтінімдер

1

Машина жасау

88

15

2

Металлургия / Металл өңдеу

20

2

3

АӨК (азық-түлік және сусындар)

101

9

4

Ағаш өңдеу

16

1

5

Фармацевтика өнеркәсібі

32

3

6

Құрылыс материалдарын өндіру

18

5

7

Жеңіл өнеркәсіп

3

-

8

Химия өнеркәсібі

12

-

9

Металл емес минералды өнім

3

-