2022 жылдың 21 қыркүйек күні сағат 10.00-де «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұйымдастыруымен «Өңдеу өнеркәсібі апталығы» шеңберінде «Субконтракт биржасы-2022» іс-шарасы өтеді. Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, EXPO, 2 қабат, 3-конференц-залы.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құраушы кәсіпорындар, отандық тауар өндірушілер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар қатысады.
Биржаны өткізудегі мақсат - кооперациялық байланыстарды жолға қою, жаңа серіктестер мен нарықтарды іздеу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында тікелей келіссөздер ұйымдастыру болып табылады.
Бүгінгі күні «Субконтракт биржасы-2022» іс-шарасына қатысатындарын "Қазцинк" ЖШС, «ERG Еуразиялық компаниялар тобы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «KAZ Minerals» компаниялар тобы, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., «Казфосфат» ЖШС және т.б. ірі жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ, 50-ден астам отандық тауар өндірушілер растады.
Аталған шараға қатысу отандық тауар өндірушілерге болашақ серіктестерді іздеуді барынша тиімді қамтамасыз етуге, келіссөздер жүргізуге, өндірістік қуаттарды жүктеу үшін қосымша тапсырыстар табуға мүмкіндік береді.
БАҚ және интернет қоғамдастық өкілдерін аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз. Қосымша сұрақтар бойынша «QazIndustry» баспасөз қызметіне 87075596799 Қабдыл Нұрбибі хабарласуға болады.
Тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://forms.gle/gmbASQ67QjYmqYzs5.