2022 жылдың 21 қыркүйегінде EXPO Көрме орталығында «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» халықаралық көрмесінің аясында «KAZХИМИЯ химия өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ шеңберінде «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында конференция ұйымдастырылып, химия өнеркәсібінің кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен талқыланды.
«Мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбындағы панельдік сессиясына ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, өндірістік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
«QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев жоғарыда көрсетілген панельдік сессия барысында қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді.
Сонымен қатар, «QazIndustry» АҚ ұйымдастырған «Субконтракт биржасы – 2022» аясында Бизнесті ынталандыру дирекциясының өкілдері аталған іс-шараға қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді.