ШОБ бәсекеге қабілеттілігін дамытуда қандай Мемлекеттік бағдарламалар негізгі драйвер болып саналады?

 

Өнеркәсіптік кооперация орталығының директоры Ғазиз Амреев ШОБ-тың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыру мәселелері, қазіргі кедергілері мен проблемалары туралы сұхбат берді.

 

- Қайырлы күн, Ғазиз Сағынұлы! Қандай мемлекеттік бағдарламаларды ШОК бәсекеге қабілеттілігін дамытуда негізгі драйвер деп есептейсіз?

- Қайырлы күн. Қазіргі уақытта әзірленген импортты алмастыру бағдарламасы даму стратегиясының барлық тізбегінде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Бағдарлама Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес әзірленді және жаңа өндірістер құру мен жаңғырту және қазақстандық компаниялардың ішкі және шетел нарықтарында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін  жүйелі ұзақ мерзімді ынталандыру құруға бағытталған. Бағдарлама алдағы уақытта экспортқа шығумен, ішкі нарықты толықтыру бойынша өндірістің бейімделуін арттыру үшін жобаларды іске асыру, қорларды жаңғырту, қолданыстағы нормативтік базаны қайта қарау арқылы ШОК өсуін ынталандыруға бағытталған.

 

- Импортты алмастыру бағдарламасының алдына қандай міндеттер мен нысаналы индикаторлар қойылды?

 

-  Шикізат пен жиынтықтауыш құралдар импортына тәуелділікті төмендету және алдағы уақытта экспортқа шығумен ішкі нарықты жоғары сапалы отандық өнімдермен толықтыру  бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа бәсекеге қабілетті шикізаттық емес өнеркәсіптік өнім өндірісін кеңейту, кедергілерді жою және өнімді нарыққа шығару үшін тепе-тең жағдайлар қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады. Шамамен 700 жобаны пайдалануға беру, кемінде 100 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

 

- Орталық жұмысында жеткізушілер мен тапсырыс берушілер кооперациясына ықпал ету кезінде қандай негізгі проблемалар кездеседі? 

 

- Кедергілер көп. Алайда, қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі жалпы әлемдік аренада және өңірлік деңгейде болып жатқан сын-қатерлер, атап айтқанда, олар ұзақ мерзімді перспективаға күрделі инвестициялау жоспарларын қиындатады. Мысалы, офтейк-келісімшарттар жасаған кезде жаңа өндіріске инвестиция құю кезіндегі жоғары тәуекел жер қойнауын пайдаланушылар үшін проблема болып табылады.

 

 

 

 

 

Өңіріміздегі жылдам өзгеретін геосаяси жағдай және осыған байланысты құбылмалы валюта бағамдары тауарлардың бағасына әсер етеді, бұл, ұзақ мерзімді шарттар жасауда айтарлықтай кедергі болып саналады.

Сонымен қатар, жоғары білікті кадрлар (токарьлар, дәнекерлеушілер және т.б.) санының жеткіліксіздігі, сондай-ақ, дамып келе жатқан қатты және жұмсақ инфрақұрылым сияқты мемлекет тарапынан жүйелі түрде шешілетін басқа да бірқатар мәселелер бар.

Мемлекет өнімділігі жоғары және экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған индустриялық саясат бағытын жоспарлы түрде жалғастырып келе жатқандығын атап өткім келеді. Бұл келешекте өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жағдайларды жақсарту бағыты жалғасады дегенді білдіреді. Сондай-ақ, жеке проблемалық мәселелерді де атап өтуге болады. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушылар көбінесе техникалық ерекшеліктерді ұсына алмайтындығын атап өтеді, себебі, шетелдік тауар жеткізушілер келісімшарт жасаған кезде нақты техникалық ерекшеліктер ұсынбайды. Осыған байланысты жергілікті өндірушілерді  қарау кезінде компания өнімдерді дұрыс бағалай алмайды және оларды салыстыра алмайды.

- Жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс істегенде жеткізушілер қандай проблемаларды атап өтеді?

- Қазақстандық өндірушілер көбінесе шетелдік жеткізушілер өнім бағасын өндірушілер өздеріне рұқсат бере алмайтын ең төменгі деңгейге дейін түсіретіндігін атап өтеді. Сонымен қатар, бастапқы және қайталама шикізат бағасының тұрақсыздығы өндірушілерді түпкілікті өнім бағасын көтеруге мәжбүрлейді. Сондай-ақ, көптеген жер қойнауын пайдаланушылар халықаралық сертификаттардың болуына және өндіріс көлеміне жоғары талаптар қояды, нәтижесінде кәсіпорындар ірі тапсырыс берушілердің сатып алуларына қатысу үшін сертификаттар алу, өндірісті жаңғыртуға орасан зор қаражат салулары қажет.  

- Импортты алмастыру бағдарламасы тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы кедергілерді қалай шешеді?

- Елішілік құндылықты ынталандыру шеңберінде  кәсіпорындар құру және тарту есебінен өз өндірістерінің айналасында ШОБ белдігін құру бойынша жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттарда міндеттемелер, сондай-ақ, осы кәсіпорындардан тауарларды сатып алу және өз шикізатын сату бойынша басымдықтар белгіленетін болады.

Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді шарттар және офтейк-келісімшарттар жасау міндетті шарттымен кемінде 5 жыл мерзімге жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі кәсіпорындарда елішілік құндылықты дамыту бойынша жеке бағдарламалар құрылатын болады. 

Кәсіпорындар шикізаттық тауарларды өңдеуге немесе жүйе құрушы кәсіпорынға өзі өндірген тауарларды және/немесе қызметтерді ұсынуға тартылатын болады. Бұл шаралар техникалық ерекшеліктерге, тапсырыс берушілердің жоғары тәуекелдеріне байланысты кедергілерді айналып өтуге  мүмкіндік береді.