2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте машина жасау саласының негізгі капиталына инвестиция көлемі 91,6 млрд теңгені құрады, бұл, 2021 жылғы осы кезеңдегі деңгейден 48,5% жоғары (61,7 млрд теңге).
Ағымдағы 2022 жылы жалпы сомасы 188,9 млрд теңге бірқатар маңызды жобаларды және 3 071 жаңа жұмыс орнын ашу күтілуде.
2022 жылға жоспарланған ірі жобалар:
- «KamaTyresKZ» ЖШС – Автомобиль шиналары өндірісін ұйымдастыру, Сарань қ., қуаты – 1116 жұмыс орнын ашумен жылына 3,5 млн шина.
- «ORBIS HEAVY MACHINERY» ЖШС – Астана қ. арнайы жабдықтарды құрастыру зауытының құрылысы, қуаты 1500 жұмыс орнын ашумен жылына 50 мың бірлікке дейін.
- «Агромашхолдинг KZ» АҚ – «DEUTZ FAHR» тракторлары мен комбайндарының өндірісі, Қостанай қ., қуаты 120 жұмыс орнын ашумен, жылына 600 дейін бірлік.