2022 жылдың 25 қарашасында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері үшін тегін оқыту вебинарын өткізеді.
Вебинар ақпараттық ортаның цифрлық трансформациясы жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға, ақпаратты қорғаудың заманауи әдістері мен техникалық құралдарын қолдану практикасына арналады. Вебинар барысында түрлі жағдайларға жауап берудің маңыздылығы қаралып, кәсіпорында ақпаратты қорғау жүйесін құру бойынша практикалық ұсынымдар беріледі.
Вебинардың спикері - киберқауіпсіздік, АТ және коммуникациялар саласындағы сарапшы Евгений Питолин.
Вебинар өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ақпараттық қауіпсіздік мамандарына, сондай-ақ өнеркәсіптік киберқауіпсіздікке қызығушылық танытатындарға пайдалы болады.
Вебинардың өтетін күні мен уақыты: 25 қараша 2022 жыл, сағ. 15:00
Вебинарды өткізу форматы: онлайн (Zoom платформасында)
Іс-шара бағдарламасы:
15:00 |
Сәлемдесу, танысу |
15:00 – 15:15 |
Жау кім? 2022 жылға арналған қылмыстық ретроспектива және нақты өндірістік қауіптер картасы. |
15:15 – 15:30 |
Талқылау: киберқауіпсіздік сіздің мәселеңіз бе? Неге? |
15:30 – 15:00 |
Корпоративтік және өндірістік тәуекелдер. Киберқауіпсіздік бағасы қандай? |
16:00 – 16:15 |
Жаттығу. Менің құпия сөзім қаншалықты қауіпсіз? |
16:15 – 16:45 |
Егер сіз олардың мақсаты болмасаңыз, құрбанына айнала аласыз. Кәсіпорында киберқауіпсіздікке инвестициялау стратегиясын қалай құруға болады? |
16:45 – 17:00 |
Сұрақ-жауап сессиясы |
Вебинарға тіркелу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://forms.gle/c3qZD4W4dqCw8qav5