"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы " АҚ-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында үш күндік семинар өтті. Іс-шара "Zangar Education" ЖШС оқу орталығының қатысуымен ұйымдастырылды.
Семинар барысында акционерлік қоғам қызметкерлері ISO халықаралық стандарты негізінде қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу үшін қажетті дағдылар мен білім алды.
Оқыту барысында стандарттың қағидаттары мен талаптары, оны қолдану саласы мен құрылымы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері, оның алдын алу жөніндегі негізгі шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту және т. б. өзекті сұрақтар қаралды.
Семинарды "Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" нұсқаулығын орындау шеңберінде "QazIndustry" Комплаенс орталығы ұйымдастырды. Оқу курсының қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.