Ағымдағы жылдың басынан бері 62 отандық өндірушіге еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындары өтелді. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне өтелген шығындардың жалпы сомасы 331,25 млн теңгені құрайды.
Салалық бөліністе өтінімдердің көпшілігі машина жасау және АӨК субъектілеріне мақұлданды. Бұл салаларда өтелген өтінімдер саны сәйкесінше 24 және 17 құрады. Сонымен қатар, мемлекеттік ынталандыру шаралары металлургия, ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтика, жеңіл және химия өнеркәсібі салаларына бағытталды.
Ақпараттық-кеңес беру іс-шаралары аясында 2022 жылдың алғашқы 11 айында «QazIndustry» өкілдері 101 өнеркәсіптік кәсіпорынға барды. Сондай-ақ, осы кезеңде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне 382 ауызша түрде консультация беріліп, мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін 5 іс-шара, «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында 13 семинар-кеңес өткізілді.
QazIndustry АҚ «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесе еліміздің 12 өңірінен өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 37 вебинар өткізді.
Еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындар қызметкерлердің құзыреттілігін арттыруға, цифрлық технологияларды енгізуге, технологиялық процестерді жетілдіруге және өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталады.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ынталандыру шаралары аясында өтінімдер жыл бойы қабылданады. Ынталандыру шараларын алу шарттарымен толығырақ qazindustry.gov.kz сайтында танысуға болады.