«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының қызметкерлері Қызылорда облысының бірақатар өңдеуші өнеркәсіп өкілдерімен кездесті.
Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп өнеркәсіп кәсіпорындары үшін семинар-кеңес ұйымдастырылды. Қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шаралары және оларды алудың шарттары түсіндірілді. Семинар жұмысына облыстың 40-тан астам кәсіпорны қатысты.
Кездесу барысында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының проблемалық мәселелері қаралып, кәсіпорындар өз өнімдерін сату кезінде кездесетін кедергілерді анықтау мақсатындағы сауалнамаға қатысты. Сауалнама нәтижелері отандық өнеркәсіптің ахуалына байланысты ұлттық баяндамада көрсетіледі.
Сапар аясында QazIndustry өкілдері құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін "Вега Пром", резеңке ұнтағының өндірісімен айналасытан "Смарт Раббер", сондай-ақ, "НефтьПромСнаб" шыны талшықты құбырлар өндірісі, "Ару-ана" сүт өнімдерін өндіру, "Orda Glass Ltd" табақ шыны өндірісі және полиэтилен пленкасы мен тұтынушының логотипін орналастыру мүмкіндігі бар пакеттер өндірісімен айналысатын "Кемикал" ЖШС-ларына барып, өндіріс процестерімен, өнімдер номенклатурасымен танысты.
Аталмыш кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бағыттары түсіндіріліп, шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша тиісті ақпараттар жеткізілді.