Astana Hub алаңында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды

Astana Hub алаңында "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен "Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары" тақырыбында форум өтті. Форум жұмысына "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы"АҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар бизнесті мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары, бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, жаңа коммерциялық жобаларды іске қосу және оларды дамыту үшін жағдайлар жасау мәселелерін талқылады.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, Аграрлық несие корпорациясы, Ғылым қоры, "Kazakh Tourism" ҰК, өндірістік кәсіпорындар және т. б. қатысты.

Форум барысында "QazIndustry"АҚ өкілі А.С.Әділсұлтани қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді. Атап айтқанда, спикер автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу сияқты цифрлық технологияларды енгізу бойынша шығындарды өтеу шарттарын түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, осы күні онлайн форматта "Techno Women" салалық комитетінің бірінші отырысы өтті. оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова, "QazIndustry "АҚ, 4IR аффилиирленген орталығының өкілдері қатысты.

 

Іс-шара барысында Бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы А. Ж. Жалмурзина қатысушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпаратты жеткізді.