Керамикалық қаптамалы кірпіш өндірісі 30,6 %-ға өсті

2023 жылдың қаңтар айында керамикалық қаптамалы кірпіш өндірісінің көлемі 30,6% - ға артып, 22,2 мың текше метрге жетті. Жоғары көрсеткішке Ақмола облысында аталмыш өнім өндірісінің 65% - ға ұлғайуы есебінен қол жеткізілді. Керамикалық кірпіш өндірісінің жалпы көлеміндегі бұл өңірдің үлесі 71% -ды құрайды.

Ақмола облысының негізгі өндірушілері "ENKI" ЖШС (өндірістік қуаты 60 млн дана), сондай-ақ 2022 жылдың ортасында іске қосылған "SG Brick" ЖШС зауыты (өндірістік қуаты 120 млн кірпіш) болып табылады.

 

1 кесте. Қаптамалы керамикалық кірпіш өндірісінің көлемі.

 

 

Қаңтар

2022 ж.

Қаңтар

2023 ж.

Өсім

ҚР өндіріс көлемі, мың текше м.

 

17,0

22,2

+30,6%

Ақмола облысы, мың текше метр

9,5

15,7

+65%

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ