"Qazindustry" АҚ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, 2023 жылғы 20 наурыздан бастап отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету аясындағы шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Өтінімдерді қабылдау https://qazindustry.gov.kz/ сайты арқылы жыл бойы жүзеге асырылады.
Кеңес алу үшін келесі байланыс телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (7172) 79 33 99 (ішкі нөмір 444).