2023 жылғы 14 наурызда QazIndustry өкілдері Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының алаңында қала кәсіпорындарының басшылары және қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара аясында қатысушыларға "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұсынатын еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын, оның ішінде кәсіпорындар үшін цифрлық стратегияларды әзірлеу барысындағы шығындардың бір бөлігін өтеу шаралары таныстырылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында жиналғандар ҚР ИИДМ сауалнамасына қатысып, отандық өндірушілердің алдында тұрған проблемалық мәселелерді талқылады.
Қатысушылар салаға инвестицияларды тарту, инфрақұрылымды дамыту, отандық өнімді экспортқа шығару кезіндегі кедергілерді азайту, сондай-ақ отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін қозғады.
Кездесу қорытындысы бойынша QazIndustry өкілдері бизнестің барлық көтерілген өзекті және проблемалық мәселелері отандық өнеркәсіптің ахуалына байланысты әзірленетін ұлттық баяндамада көрсетілетінін атап өтті.