"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ даму институттарымен бірлесіп Қарағанды облысының өнеркәсіп кәсіпорындары үшін мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізді. Іс-шараға 50-ге жуық кәсіпорын өкілдері қатысты.
Семинар барысында "QazIndustry"АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы А.С. Әділсұлтани қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен оларды алу тәртібін түсіндірді.
Сондай-ақ, семинар-кеңес аясында «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Астана халықаралық қаржы орталығы» АҚ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қарағанды аумақтық бөлімшесі және "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ өкілдері сөз сөйлеп, өнеркәсіпті ынталандырудың қолданыстағы шаралары туралы ақпараттарды жеткізді.