Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2023 жылы қаңтар-ақпан айында:
- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 69 ауызша консультация өткізілді;
- 2023 жылғы 16 қаңтарда «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы» кәсіпорындарының бастамасымен «Avalon» ЖШС,
«СпецЭлектра» ЖШС кездесу өткізді, онда бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.Н. Сағиев қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді;
- 2023 жылғы 17 ақпанда елордада «Пластик қалдықтарын ұтымды басқару: алдын алудан тиімді қайта өңдеуге дейін» тақырыбында конференция өтті.
Іс-шараға министрліктердің, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың, Cola-Cola трансұлттық компаниясының, өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде «QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.С. Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді, іс-шараға 70-тен астам кәсіпорын қатысты.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру мақсатында 2023 жылғы 22 ақпанда бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А. Н.Сағиев Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп Қызылорда облысының өнеркәсіп кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға 40-тан астам кәсіпорын қатысты.
Қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Қызылорда облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «Вега Пром» ЖШС (құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру), «Смарт Раббер» ЖШС (резеңке үгінділер өндірісі), «НефтьПромСнаб» ЖШС ( шыны пластик құбырлар өндірісі), «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС (цемент өндірісі), «Ару-ана» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру), «Кемикал» ЖШС (полиэтилен пленкасы мен пакеттер өндірісі-логотипі бар майка), «Ас-Ка» ЖШС (тоқыма өнімдерін өндіру), «Orda Glass Ltd» ЖШС (табақ шыны өндірісі).
2023 жылғы 24 ақпанда Astana Hub қабырғасында Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық палатасы ұйымдастырған «шағын және орта бизнесті қолдау шаралары» тақырыбында форум өтті, онда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары қозғалды.
Жоғарыда аталған іс-шара аясында «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан әрі – «QazIndustry» АҚ), «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілдері, өндірістік кәсіпорындар және т. б. қатысты
«QazIndustry» АҚ өкілі А. С. Әділсұлтани форум барысында қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді, іс-шараға 100-ден астам кәсіпорын қатысты.
2023 жылғы 24 ақпанда онлайн форматта «Techno Women» салалық комитетінің бірінші отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р. Щеглова, «QazIndustry» АҚ, 4IR аффилиирленген орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы А.Ж. Жалмурзина қатысушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндірді, іс-шараға 25-тен астам кәсіпорын қатысты.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (222 қатысушы), Telegram (623 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.