2023 жылғы 27 наурызда "QazIndustry" АҚ Комплаенс орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша дәріс сабағы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген №4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру барысын талқылады.
Сондай-ақ, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қаржылық бақылау, мүдделер қақтығысын болдырмау және оларды шешу жолдарын қарастырды.
Комплаенс қызметінде атап өткендей, мұндай дәрістер қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру процесіне тарту мақсатында тұрақты негізде өткізіліп отырады.