Qazindustry мамандары Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарына барады

24-27 сәуір аралығында "Qazindustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ өкілдері Маңғыстау облысының үш өнеркәсіптік кәсіпорнына баруды жоспарлап отыр. Іс-сапардың негізгі мақсаты-технологиялық процестерді цифрландыру стратегияларына ұсыныстар әзірлеу. Мамандар "Westecoplast" компаниясына, шыны талшықты құбырлар шығаратын кәсіпорынға және Ақтау машина жасау зауытына барады.

 Жоспарланған іс-сапар аясында кәсіпорындардың ағымдағы жай-күйі, олардың жаңғыртылу деңгейлері, сондай-ақ ұсынылатын отандық цифрлық шешімдердің пулы мен мемлекеттік ынталандыру құралдарының қолданыстағы шараларына талдау жүргізілетін болады. Бұдан басқа, әзірленген цифрлық стратегияларды іске асыру кезінде кәсіпорындарға сүйемелдеу бойынша көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, QazIndustry мамандары 26 сәуір күні Маңғыстау облысы әкімдігінде өңірдегі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының басшыларымен QazIndustry негізгі қызметтері, әзірленіп жатқан өнеркәсіптің жай-күйі туралы Ұлттық баяндама, қоланыстағы мемлекеттік ынталандыру шаралары жөнінде кеңес өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry мамандары Ұлттық баяндаманы әзірлеу аясында еліміздің әр өңіріндегі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жүйелік проблемалар мен тәуекелдерді анықтау үшін сауалнама және сұхбат жүргізуде. Сауалнама қорытындылары отандық өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін негіз болады. Құжат Мемлекет басшысына ұсынылатын болады.

 

Өңірлердегі көшпелі кеңестер аясында өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға арналған "QazIndustry" АҚ қызметінің негізгі бағыттарын және көрсетілетін мемлекеттік ынталандыру шараларын таныстыру көзделеді.