Индустриялық сектор және IT компаниялар өкілдерінің назарына!

Ағымдағы жылдың 10 мамыры күні Астана қаласында, "ЭКСПО" халықаралық көрме орталығында (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, 2-зал) өтетін "Өнеркәсіптегі цифрлық трансформация" панельдік сессиясына қатысуға шақырамыз. 

Сессияның өту уақыты: 10 мамыр, сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін.

Сессия аясында цифрлық технологиялар және олардың өнеркәсіпке әсері, өнеркәсіптегі цифрлық трансформацияның артықшылықтарына байланысты тақырыптар талқыланатын болады. Сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға және отандық өңделген қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіріледі.

Сонымен қатар, Сіздерді Индустрия 4.0 арналған көрмеге қатысуға шақырамыз. Бұл бірегей оқиға өнеркәсіптегі ең жаңа технологияларды дамытуға қатысты үздік жобалар мен идеяларды жинайды.

Шараға қатысу арқылы сіздер өз жобаларыңыз бен жетістіктеріңізді көрсетуге, әріптестеріңізбен тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және Индустрия 4.0 саласындағы соңғы үрдістерді көруге мүмкіндік аласыздар. Бұл сіздің компанияңызды одан әрі дамыту және кәсіби тәжірибеңізді байыту жолындағы маңызды қадам болады.

Қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады:

Мукушкин Абай Асылбекұлы, "Qazindustry" АҚ Цифрлық трансформация дирекциясының бас сарапшысы

Тел.: 79 33 90 (1075), +7 707 522 14 95 A.Mukushkin@qazindustry.gov.kz