"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
QazIndustry өкілдері Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, өңірде мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары үшін семинар-кеңес өткізді. Мамандар «QazIndustry»АҚ, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ және "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы"АҚ ұсынатын отандық өнеркәсіпті ынталандыру тетіктері мен шарттарын түсіндірді.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек, қолдау шараларын алу шарттары мен жолдары түсіндіріліп, сұрақтарына жауап берілді.
"Отандық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Тауар өндірушілер бұл ақпараттарды толық білу арқылы, және осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өндіріс процестерін жақсартып, бәсекеге қабілетті деңгейге жете алады", - деп атап өтті "QazIndustry " АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев.
Дәл осындай бағыттағы семинар-кеңес Батыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастығының өкілдері үшін де өткізілді. Аталмыш жиынды облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырды. Кездесуде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының проблемалық мәселелері айтылды. QazIndustry мамандары кәсіпорындар өз өнімдерін сату кезінде кездесетін кедергілерді анықтау үшін сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері өнеркәсіптің жай-күйі туралы әзірленіп жатқан ұлттық баяндамада көрсетіледі.
Сонымен қатар, сапар аясында QazIndustry өкілдері облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда "Орал құю-механикалық зауыты" ЖШС (қола және жез құю), "Квант" ЖШС (жиһаз өндірісі), Карелина ЖК (ірімшік өнімдерін өндіру), "EURASIAN TREND" ЖШС (есік өндірісі), "Азот зауыты" ЖШС (криогендік өнім, азот және оттегі өндірісі), "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" ЖШС (сумен жабдықтау жүйелеріне арналған полиэтилен және полипропилен құбырларын өндіру), "Трубпром" ЖШС (газ құбырлары мен су құбырларына арналған полиэтилен құбырларын өндіру) барды.
Мемлекеттік ынталандыру шараларын алу бойынша қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 79 33 90 ішкі.444 байланыс телефонына хабарласуға болады.