"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өңірлердегі кәсіпкерлік басқармаларымен және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының филиалдарымен бірлесе тұрақты түрде ұйымдастырып келе жатқан көшпелі семинар-кеңестері мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде кәсіпкерлердің мемлекет тарапынан көрсететлетін ынталандыру шараларына қызығушылықтары артып келеді.
Аталмыш бағыттағы кездесулер жақында Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында өтті. QazIndustry мамандары бизнес-қоғамдастықпен кездесіп, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларына отандық өнеркәсіпті дамыту үшін мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттарын және тетіктерін таныстырды.
"QazIndustry" өкілдері өңірлерді арлап, кәсіпорындардың басшыларымен және қызметкерлерімен кездесіп, оларға мемлекеттік ынталандыру шараларын таныстырады. Барлық кәсіпкерлер, әсіресе жаңадан кәсіп бастаушылар ынталандыру шаралары жөнінде ақпаратты толық білмей жатады. Мысалы, кәсіпорындар отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге, өз қызметкерлерінің құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, цифрлық технологияларды енгізуге шығындарды өтеуге өтінім беруге құқылы. Қазір бұл өте өзекті, себебі елде жаңа кәсіпорындар ашылуда, жоғары технологиялар енгізілуде", - деп атап өтті "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы басшысының орынбасары Айсұлу Жалмурзина.
Өңірлерде өткен кездесулерде QazIndustry сарапшылары кәсіпкерлермен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту мәселелерін талқылап, өнімдерді сату кезіндегі кездесетін кедергілерді анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізді.
Сондай-ақ, іс-сапар аясында мамандар екі облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, "Востокмашзавод" АҚ (машина жасау өнімі), "Востокремстроймонтаж" ЖШС (резинотехникалық бұйымдар өндірісі), "Рауан "ПКФ" ЖШС (жеңіл өнеркәсіп), "Машина жасау зауыты - МТЗ Қазақстан" ЖШС ("BELARUS" тракторлар өндірісі), "СарыарқаАвтоПром" ЖШС" (автомобиль өндірісі), "Қостанай агромеханикалық зауыты" ЖШС (аспалы ауыл шаруашылығы жабдығы) және т.б. кәсіпорындарға барды.
Ынталандыру шараларын алу үшін өтінім беру және жалпы шарттарымен Qazindustry ресми сайтында танысуға болады. Сондай-ақ, кеңес беру үшін арнайы WhatsApp және Telegram чаттар құрылған, онда мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпарат беріледі. Бизнес өкілдері өз сұрақтарына толық жауап алады.
Мемлекеттік ынталандыру шараларын алу бойынша қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 79 33 90 (ішкі. 444).