26 және 27 сәуір күндері Таразда Zhambyl Economic and Investment Forum-2023 Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы өтті. Шараның негізгі мақсаты өңірде қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыру, іскерлік байланыстарды жолға қою болып табылады. Форум барысында туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың түрлі секторларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мен кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау идеясын дамыту мәселелері қаралды.
Оған жетекші халықаралық және отандық компаниялардың 1000-нан астап өкілдері, инвесторлар, сарапшылар мен пікір көшбасшылары, сондай-ақ, салалық министрліктердің өкілдері мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты.
Zhambyl Economic and Investment Forum-2023 жұмысына "Qazindustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ өкілдері де қатысты. Мамандар "Ақылды қалаларды дамыту" және "Мемлекеттік сектордағы жобалық басқаруды дамыту" панельдік сессияларына және жергілікт IT-компаниялардың перспективалық жобаларының таныстырылымына қатысты.
Форум аясында өнеркәсіп, туризм, агроөнеркәсіп және цифрландыру тақырыптарына арналған тематикалық күндер өтті.
QazIndustry қызметкерлері "Тараз Химпаркі" арнайы экономикалық аймағына барып, АЭА басшылығы мен қызметкерлеріне өнеркәсіптік кәсіпорындарға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну тетіктерін түсіндіріп, цифрлық трансформация бойынша ұсынымдарды әзірлеу мәселелері бойынша кеңес берді.
Сонымен қатар, Qazindustry сарапшылары Қордай ауданында "Korcem"ЖШС-нің цемент өндіру зауытының құрылысының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты. Сингапурлық ICG компаниясы салатын жобаның жылдық қуаттылығы 1,2 млн. тоннаны құрайды.