Астаналық кәсіпкерлердің назарына!
Ағымдағы жылдың 4 мамыры күні (басталуы - сағат 10.00-де) "QazIndustry " Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ ғимаратында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша семинар өтеді.
Кездесуде отандық өңдеу өнеркәсібінің даму мәселелері талқыланады және саладағы кедергілерді анықтау оларды шешу жолдарын іздеу үшін кәсіпорын өкілдеріне сауалнама жүргізіледі.
Qazindustry өкілдері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық түсіндіріп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береді.
Семинарға қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыру және отандық өңделген тауарлар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шығындардың бір бөлігін қалай өтеуге болатындығы туралы ақпарат беріледі.
Сіздерді Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 4-қабат(кеңсе залы) мекен-жайында күтеміз.
Толығырақ ақпаратты: 8 708 554 8337 (Айдана, іс-шара бойынша), 8 701 511 8125 (Айнұр, сауалнама бойынша).