Қазақстанда агрохимия саласында төрт жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл Ақмола облысындағы органикалық тыңайтқыштар, Ақтөбе облысында қоңыр көмірден органикалық тыңайтқыштар өндіру, Батыс Қазақстан облысында калий тұздарын өндіру бойынша байыту-өндірістік кешенін және Маңғыстау облысында аммиак және карбамид өндіру зауытын іске қосу.
Агрохимия саласы-химия өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі. Өңірлер бөлінісінде агрохимия саласы іске асыратын жобалардың ең көп саны Жамбыл облысына тиесілі, онда фосфор тыңайтқыштарын өндіру белсенді дамып келеді. Өткен жылы мұнда минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт кеңейтіліп, кәсіпорынның қуаттылығы 1 млн тонна өнімге жетті. Сонымен қатар, кәсіпорынды жаңғыртудың арқасында 100 қосымша жұмыс орны құрылды.
Жалпы, республикада құны 3,8 трлн теңге болатын агрохимиялық бағыттағы 12 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Оларды іске асыру тоғыз мыңға жуық адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде және моноқалаларда жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобалық қуаттылыққа шығу кезінде барлық өндірістердің жоспарланған көлемі шамамен 1,9 трлн теңгені құрайды
Агрохимия саласында жобаларды іске асыру елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экономиканың маңызды секторларының бірі агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға оң әсер етеді.