Отандық өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында кооперациялық байланыстар орнату

2023 жылғы 11 мамырда Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы аясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ұйымдастыруымен «Субконтракт биржасы – 2023»

(бұдан әрі – Биржа) іс-шарасы өтеді деп жоспарлануда.

Шараға ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құраушы кәсіпорындар, отандық тауар өндірушілер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысады.

Биржаны өткізудің мақсаты кооперациялық байланыстарды жолға қою, жаңа серіктестер мен жаңа нарықтарды іздеу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және B2B байланыстарын қалыптастыру үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында тікелей келіссөздер ұйымдастыру болып табылады.

Аталмыш іс-шараға қатысу отандық тауар өндірушілерге болашақ серіктестермен байланыс орнатуды барынша тиімді қамтамасыз етуге, өзара келіссөздер жүргізуге, қосымша тапсырыстар жасасуға және өндіріс тиімділігін арттыру үшін ірі тапсырыс берушілермен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні биржаға қатысатындықтарын «Казцинк» ЖШС, «ERG Еуразиялық компаниялар тобы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «KAZ Minerals» компаниялар тобы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, North Caspian Operating Company, Тенгизшефройл, Карачаганак Петролиум Оперейтинг, сонымен қатар отандық тауар өндірушілер растады.

Сондай-ақ, ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен өндірушілер арасында меморандумдар мен шарттарға қол қою жоспарлануда.

Бизнесті қолдау шараларын түсіндіру бойынша консультациялар өткізіледі.

«Субконтракт биржасы – 2023» Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, EXPO, 2 қабат, 4 кеңсе залы мекенжайы бойынша өтеді.

Қатысушыларды тіркеу  сағат 14.00-ден басталып, негізгі іс-шараның басталуы сағат 14.30-ға жоспарланған.

Барлық сұрақтар бойынша +7(7172)793390 (ішкі. 1079 Жансая), 8-702-490-33-16; +7(7172)793394 (вн.4106 Әсем) хабарласуға болады.

Шараға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc3e5lcQY1cWghVulOajNCpo3VGxyaxVwpw3M4VVuVlKbTn9A/viewform?usp=sharing.