QazIndustry Astana Mining&Metallurgy конгресіне  қатысады

Ағымдағы жылдың 1-2 маусымы күндері елордада Astana Mining&Metallurgy 13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтеді. Конгресстің негізгі тақырыбы тау-кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына арналған жасыл технологиялар болады.

Іс - шараны қазақстандық Iteca көрме компаниясы ұйымдастырады.

Конгресс аясында көмір, алтын өндірушілердің форумы, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың көрмесі, сессиялар, семинарлар өтеді.

Конгреске Қазақстан, Қытай, Франция, Ресей, АҚШ, Финляндия, Жапония және Швейцария елдерінен 35-тен астам компания қатысады. Талқылау алаңдарында ТМК-дағы инновациялар мен технологиялар, экологияның, тау-кен ісінің өзекті мәселелері, кен орындарын беру тетіктері, сирек металдарға инвестициялаудың артықшылықтары мен тәуекелдері және т.б. сұрақтар қаралады.

Спикерлер ретінде халықаралық бейінді құрылымдар мен комитеттердің және әлемдік тау-кен металлургия компанияларының басшылары шақырылды.

Өз кезегінде QazIndustry өкілдері де Astana Mining&Metallurgy жұмысына қатысады.

Конгреске қатысу мәселелері бойынша +7 (727) 258 34 34 (211) байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.