19 мамырда Qazindustry өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік экспорттық кеңесінің отырысына қатысты. Петропавл қаласы әкімдігінде өткен жиында мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері қаралды. "QazIndustry"АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, өңірлік экспорттық кеңестің басты міндеті бизнес-қауымдастық өкілдерінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және экспортты дамыту институттарымен тікелей байланысын орнату болып табылады. Мұндай өзара іс-қимыл туындайтын барлық проблемалық жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сапар аясында QazIndustry өкілі "Эмир-трейд" ЖШС, "Клаас" зауыты, "Cool Infinity" ЖШС сияқты қаланың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. А. Сағиев өндірістің технологиялық циклімен танысып, кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау шараларын пайдалана алатын шығындар бойынша ұсыныстар берді.