QazIndustry цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бойынша тегін оқыту вебинарларына қатысуға шақырады

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 9 маусымы мен 2 тамызы аралығында цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша тегін оқыту вебинарларын өткізеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлерін аталмыш оқыту вебинарларына қатысуға шақырамыз.

Вебинарлардың негізгі мақсаты Индустрия 4.0 тұжырымдамасы және цифрлық технологияларды енгізу туралы түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ сарапшылармен пікір алмасу және өндірісте цифрлық трансформация құралдарын қолданудағы өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Вебинарлар барысында мамандар өнеркәсіпті цифрландыру бағыты бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат беретін болады.

Өндірістік ортаға цифрлық шешімдерді енгізудің практикалық тәжірибелерімен және табысты кейстерімен Astana Hab, IDS Metra Robotics, Metra Technology Group, "Даму", QazInnovations, Geometry, "РК-Технологии", KUKA, Siemens, JK Partners, Datta Bone сияқты халықаралық және отандық компаниялар бөлісетін болады.

Оқыту бейнеконференция форматында (Zoom платформасында) өтеді.

Тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет:

https://forms.gle/rML8jTWWc6ZJo7ZA9.

 

Вебинар кестесі және негізгі тақырыптар