QazIndustry мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында Ашық есік күндерін өткізеді

Құрметті кәсіпкерлер!

 

"QazIndustry" АҚ аптаның әр бейсенбі күні мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында Ашық есік күндерін өткізетін болады.

Сарапшылардың тегін консультацияларын басым тауарлар тізіміне сәйкес өнім шығаратын шағын және орта кәсіпорындардың өкілдері ала алады.

Кездесулер барысында мамандар QazIndustry-дың кәсіпорындарды  мемлекеттік ынталандыру шаралары аясындағы шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша көрсететін қызметі, оған қалай дұрыс өтініш беру керектігі және өтінім беру кезінде қандай қателіктерге жол бермеу қажеттігі туралы толық ақпарат береді.

Ашық есік күндеріне Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы (4-ші және 5-ші қабаттар) мекенжайы бойынша QazIndustry кеңсесіне (бейсенбі, жұмыс уақыты сағат 9.00 - ден 17.30-ға дейін; түскі үзіліс - 12.30 - дан 14.00-ге дейін) келу арқылы offline немесе Zoom платформасы арқылы online түрде де қатысуға болады.

Online түрде қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/1yUvI_6Fiw-wWABChwFg4CNvoieeZ-5VpnwRqs0FrAn8/edit  

ZOOM-кездесуден бір күн бұрын тіркелу кезінде сіз көрсеткен e-mail және WhatsApp-қа жеке сілтеме жіберіледі.

Барлық сұрақтар бойынша +7 778 171 24 66,  +7 708 554 83 37 байланыс телефоны арқылы немесе a.adilsultani@qazindustry.gov.kz.  почтасы арқылы хабарласуыңызға болады.