«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша дәріс сабағы өтті. Аймақтарды дамыту дирекциясы мен Транзит және логистика дирекциясының қызметкерлері қатысқан аталмыш дәріс сабағын Комплаенс-қызмет орталығы ұйымдастырды.
Кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары, қаржылық бақылау, мүдделер қақтығысын болдырмау мен шешудің маңыздылығы туралы айтылды.
Комплаенс-қызмет орталығының директоры Қанат Мақуштың айтуынша, мұндай дәрістер акционерлік қоғамда тұрақты түрде өткізіліп отырады және олардың мақсаты - қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру процесіне тарту.
Бұдан басқа, Комплаенс орталығы QazIndustry-дің әрбір қызметкерінің компьютерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамаларды жолдап отырады.
Естеріңізге сала кетейік, комплаенс-қызметтердің жұмысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, мүдделер қақтығысын шешуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен этикалық нормалардың сақталуын бақылауға бағытталған. Жалпы әлемдік тәжірибе шеңберінде комплаенс жүйесінің болуы компанияның жауапты және ашық қызметінің көрсеткіші болып табылады.