Саладағы іске қосылған жобалар Алматы облысындағы болат сым өндіру және Қарағанды облысындағы ферросилиций шығару бойынша жобаларды іске қосу, Қостанай облысында автоматтандырылған қалыптау желісі және Жетісу облысындағы темірді қалпына келтіру зауыты мен металлургиялық кремний өндіру жөніндегі кәсіпорынды жаңғырту жобалары.
Биыл елімізде құны 97,5 млрд теңге болатын қара металлургия саласындағы төрт жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл металл прокат, арматура және ферросилиций шығаратын кәсіпорындар болады. Мамандардың есептеулері бойынша бұл жобаларды іске асыру 930 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Барлық жаңа өндірістердің толық қуатына шыққан жағдайда өнім көлемі шамамен 141,3 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде, оның ішінде экспортқа 129,6 млрд теңгеге, импортты алмастыруға - 11,7 млрд теңгеге өнім жіберу жоспарлануда.
Жалпы алдағы жоспарда 15,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 3,1 трлн теңгеден астам сомаға тағы 42 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.
Жаңа жобалардың көпшілігі (8) Қарағанды облысында шоғырланған (ферромолибден, мырышталған металл бұйымдары, арнайы мақсаттағы төмен легирленген болаттан жасалған дайындамалар). Алты жоба Павлодар облысында (ферроқорытпалар, техникалық кремний), бесеуі Жамбыл облысында іске асырылатын болады.
Сарапшылар атап өткендей, қара металлургия өңдеу өнеркәсібінің базалық саласы болып табылатынын ескере отырып, қосылған құны жоғары өнімдер өндірісі отандық машина жасау мен құрылыс және басқа да аралас салалардың дамуына оң әсер етеді.