Шығындардың бір бөлігін өтеуге 41 өтінім түсті, оның ішінде:
- 7 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды (2022 жылы мақұлданған 1 өтінімді ескере отырып);
- 27 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды.
Өтеудің жалпы сомасы 89,7 млн. теңгені құрайды.
Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2023 жылы қаңтар-наурыз айында:
- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 103 ауызша консультация өткізілді;
- 2023 жылғы 16 қаңтарда «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы» кәсіпорындарының бастамасымен «Avalon» ЖШС,
«СпецЭлектра» ЖШС кездесу өткізді, онда бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.Н. Сағиев қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді;
- 2023 жылғы 17 ақпанда елордада «Пластик қалдықтарын ұтымды басқару: алдын алудан тиімді қайта өңдеуге дейін» тақырыбында конференция өтті.
Іс-шараға министрліктердің, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың, Cola-Cola трансұлттық компаниясының, өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде «QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.С. Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді, іс-шараға 70-тен астам кәсіпорын қатысты.
- Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру мақсатында 2023 жылғы 22 ақпанда бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А. Н.Сағиев Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп Қызылорда облысының өнеркәсіп кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға 40-тан астам кәсіпорын қатысты.
Қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Қызылорда облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «Вега Пром» ЖШС (құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру), «Смарт Раббер» ЖШС (резеңке үгінділер өндірісі), «НефтьПромСнаб» ЖШС ( шыны пластик құбырлар өндірісі), «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС (цемент өндірісі), «Ару-ана» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру), «Кемикал» ЖШС (полиэтилен пленкасы мен пакеттер өндірісі-логотипі бар майка), «Ас-Ка» ЖШС (тоқыма өнімдерін өндіру), «Orda Glass Ltd» ЖШС (табақ шыны өндірісі).
- 2023 жылғы 24 ақпанда Astana Hub қабырғасында Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық палатасы ұйымдастырған «шағын және орта бизнесті қолдау шаралары» тақырыбында форум өтті, онда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары қозғалды.
Жоғарыда аталған іс-шара аясында «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан әрі – «QazIndustry» АҚ), «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілдері, өндірістік кәсіпорындар және т. б. қатысты.
«QazIndustry» АҚ өкілі А. С. Әділсұлтани форум барысында қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді, іс-шараға 100-ден астам кәсіпорын қатысты.
- 2023 жылғы 24 ақпанда онлайн форматта «Techno Women» салалық комитетінің бірінші отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р. Щеглова, «QazIndustry» АҚ, 4IR аффилиирленген орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы А.Ж. Жалмурзина қатысушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндірді, іс-шараға 25-тен астам кәсіпорын қатысты.
- 2023 жылғы 3 наурызда «QazIndustry» АҚ Қарағанды облысының әкімдігімен және даму институттарымен бірлесіп, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін «Мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға 50-ге жуық кәсіпорындар қатысты.
Семинар барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы А.С. Әділсұлтани қатысушыларға «QazIndustry» АҚ-мен көрсетілетін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді. Сондай-ақ, семинар-кеңес аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ, Қарағанды облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың қолданыстағы шаралары туралы сөз сөйлеп, түсіндірді.
- 2023 жылғы 27 наурызда «QazIndustry» АҚ Маңғыстау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Zoom» бұлтты платформасы арқылы өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында вебинар-кеңес өткізді. Іс-шараға 15-тен астам кәсіпорын қатысты. Бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы А.С. Әділсұлтани қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
- Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру мақсатында 2023 жылғы 28 наурызда «QazIndustry» АҚ Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға 10-ға жуық кәсіпорын қатысты.
Семинар барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы
А. Н. Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді. Қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Батыс Қазақстан облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «Орал құю-механикалық зауыты» (қола және жез құюға маманданған), «Квант» ЖШС (жиһаз өндірісі), ЖК Карелина (ірімшік өнімдерін өндіру), «EURASIAN TREND» ЖШС (есік өндірісі), «Азот зауыты» ЖШС (криогендік өнімдер өндірісі, атап айтқанда кәсіпорын азот пен оттегі өндірісіне маманданған), «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС (сумен жабдықтау жүйелеріне арналған полиэтилен және полипропилен құбырларын өндіру), «Трубпром» ЖШС (газ құбырлары, су құбырлары үшін ПЭ құбырларын өндіру)
Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (222 қатысушы), Telegram (623 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады