Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы анықтама

Шығындардың бір бөлігін өтеуге 21 өтінім түсті, оның ішінде:

- 1 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды;

- 13 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды.

Өтеудің жалпы сомасы 992 500 теңгені құрайды.

 

Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2023 жылы қаңтар-сәуір айында:

- өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 104 ауызша консультация өткізілді;

         - 2023 жылғы 17 ақпанда елордада «Пластик қалдықтарын ұтымды басқару: алдын алудан тиімді қайта өңдеуге дейін» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараға министрліктердің, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың, Cola-Cola трансұлттық компаниясының, өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде «QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.С. Сағиев қатысушыларға ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді. Бұл іс-шараға 70-тен астам кәсіпорын қатысты.

-              Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру мақсатында 2023 жылғы 22 ақпанда бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А. Н.Сағиев Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп Қызылорда облысының өнеркәсіп кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға 40-тан астам кәсіпорын қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға, басқалармен қатар, отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктері, өнімді сертификаттауға байланысты шығындарды өтеу бөлігінде, сондай-ақ аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын салуға арналған жабдықтарды сатып алуға байланысты шығындар түсіндірілді. Семинарға 40-тан астам кәсіпорын қатысты.

              Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Қызылорда облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «Вега Пром» ЖШС (құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру), «Смарт Раббер» ЖШС (резеңке үгінділер өндірісі), «НефтьПромСнаб» ЖШС ( шыны пластик құбырлар өндірісі), «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС (цемент өндірісі), «Ару-ана» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру), «Кемикал» ЖШС (полиэтилен пленкасы мен пакеттер өндірісі-логотипі бар майка), «Ас-Ка» ЖШС (тоқыма өнімдерін өндіру), «Orda Glass Ltd» ЖШС (табақ шыны өндірісі).

-              2023 жылғы 3 наурызда «QazIndustry» АҚ Қарағанды облысының әкімдігімен және даму институттарымен бірлесіп, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін «Мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға 50-ге жуық кәсіпорындар қатысты.

Семинар барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы А.С. Әділсұлтани қатысушыларға «QazIndustry» АҚ-мен көрсетілетін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді. Сондай-ақ, семинар-кеңес аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ, Қарағанды облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың қолданыстағы шаралары туралы сөз сөйлеп, түсіндірді.

 

-              2023 жылғы 27 наурызда «QazIndustry» АҚ Маңғыстау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Zoom» бұлтты платформасы арқылы өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында вебинар-кеңес өткізді. Іс-шараға 15-тен астам кәсіпорын қатысты. Бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы А.С. Әділсұлтани қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

-              Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру мақсатында 2023 жылғы 28 наурызда «QazIndustry» АҚ Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға 10-ға жуық кәсіпорын қатысты.

Семинар барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы
А. Н. Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді. Қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

     Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Батыс Қазақстан облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «Орал құю-механикалық зауыты» (қола және жез құюға маманданған), «Квант» ЖШС (жиһаз өндірісі), ЖК Карелина (ірімшік өнімдерін өндіру), «EURASIAN TREND» ЖШС (есік өндірісі), «Азот зауыты» ЖШС (криогендік өнімдер өндірісі, атап айтқанда кәсіпорын азот пен оттегі өндірісіне маманданған), «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС (сумен жабдықтау жүйелеріне арналған полиэтилен және полипропилен құбырларын өндіру), «Трубпром» ЖШС (газ құбырлары, су құбырлары үшін ПЭ құбырларын өндіру).

-                2023 жылғы 4 сәуірде бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А. Н. Сағиев Батыс Қазақстан облысы өнеркәсіп комитетінің отырысына қатысып, қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға 15-тен астам кәсіпорын қатысты.

-                2023 жылғы 7 сәуірде «QazIndustry» АҚ «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевттік және медициналық өнім өндірушілер қауымдасты» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелеріне «Zoom» бұлтты платформасы арқылы «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында вебинар-кеңес өткізді. Іс-шараға 65-тен астам кәсіпорын қатысты.

           Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А. Н. Сағиев қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

-                Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру мақсатында 2023 жылғы 12 сәуірде «QazIndustry» АҚ Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға 60-ға жуық кәсіпорын қатысты.

           Семинар-кеңес аясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, сондай-ақ «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндірілді.

           Семинар барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы
А.Н. Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді.

           Кәсіпкерлер өз кезегінде өздерін қызықтырған мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қанша пайыз және қандай құжаттарды тапсыру керек екендігі қызықтырды. Барлық сұрақтарға тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді.

         Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Жетісу облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «AK ALTYN PRODUCTS» ЖШС (плитка және блокты желім, сылақ өндіруші), ТОО «TASUN» (мәрмәр ұн өндірісі), «Электромарганец» ЖШС (елдегі ең ірі шойын «құю» өндірушілерінің бірі), ТОО «ART-KZ» (құрылыс қоспасын өндіру), «Тек Тау» ЖШС (бал өндірісі), «Медисон» ЖШС (медициналық бұйымдар өндірісі), «Софи Мед» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп өндірісі), LKZ «Zhetysu» ЖШС («Favorit» құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру), «AF» ЖШС (құрылыс арматурасын өндіру), «Швейная фабрика Айсулу» ЖШС (арнайы киім және медициналық халаттар өндірісі), «Кайнар АКБ» ЖШС (қайта зарядталатын батареяларды өндіру), «Алмаз Керамикс» ЖШС (керамикалық плитка өндірісі), «Алматинские краски» ЖШС (лак-бояу өнімдерін өндіру, жолдарды белгілеуге арналған термопластика, битум-полимерлі мастика), «BARS TECHNOLODGIES» ЖШС (газ блоктарын өндіру), «ЖКПЗ» ЖШС (крахмал өндірісі), «Универсал» ЖШС (полипропилен қаптарын өндіру), «Elite baby» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп өндірісі), «Standart steel kz» ЖШС (металл бұйымдарын өндіру).

-                2023 жылғы 14 сәуірде «Bakerton» АОА бастамасымен «QazIndustry» АҚ өкілдері кездесу өткізіп, қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

-                2023 жылғы 14 сәуірде «QazIndustry» АҚ Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Zoom» бұлтты платформасы арқылы өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ-ның мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында вебинар-кеңес өткізді. Іс-шараға 25-тен астам кәсіпорын қатысты.

           Бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы
А.С. Әділсұлтани қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

-                2023 жылғы 19 сәуірде «QazIndustry» АҚ Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін «Мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға 20-ге жуық кәсіпорындар қатысты.

           Бизнесті ынталандыру дирекциясы басшысының орынбасары
А.Ж. Жалмурзина қатысушыларға мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

         Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Шығыс Қазақстан облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «Востокремстроймонтаж» ЖШС (резеңке техникалық бұйымдар өндірісі), «Востокмашзавод» АҚ (машина жасау өнімдерін өндіру), ПКФ «Рауан» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп), «Алтай май» ЖШС (тазартылған майлар өндірісі), «Тамила» ЖШС (сусындар өндірісі).

-                2023 жылғы 21 сәуірде «QazIndustry» АҚ Қостанай облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін «Мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға 30-ге жуық кәсіпорындар қатысты.

       Семинар барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы
А.Н. Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді.

         Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері Қостанай облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «KamlitKZ» ЖШС (автомобиль компоненттерін өндіруші), «TEHNOPARK KZ» ЖШС (жүк автомобильдерінің шассиіне қондырмалар өндіру), «Машиностроительный завод - МТЗ Казахстан» ЖШС («BELARUS» тракторларын өндіру),  «СарыаркаАвтоПром» ЖШС (автомобиль өндірісі), «АгромащхолдингKZ» АҚ (ауыл шаруашылығы техникасын өндіру), «Костанайского агромеханического завода» ЖШС (аспалы ауыл шаруашылығы аспалы жабдықтарын өндіру), «Beef Export Group» ЖШС (ет өңдеу кешені).    

-                2023 жылғы 26 сәуірде «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында «Тараз Химпаркі» арнайы экономикалық аймағында Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен кеңес өтті. Іс-шараға 25-тен астам кәсіпорын қатысты.

           Семинар барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы
А.Н. Сағиев қатысушыларға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді.

         Сапар аясында «QazIndustry» АҚ өкілдері өңірдің бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «ХИМ-плюс» ЖШС (пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер өндірісі), «Амир и Д» ЖШС (медициналық бұйымдар өндірісі).

          Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша құрылған WhatsApp (222 қатысушы), Telegram (623 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.