Өзбекстан инвесторлары Түркістан өңіріне 5 млрд теңге инвестиция салады. Көрші елден келген кәсіпкерлер мақта өңдеу, былғары және жеңіл өнеркәсіп саласындағы жобаларды ұсынды. Осы аптада инвесторлармен облыс әкімі Дархан Сатыбалды кездесті. Кездесуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков, "QazIndustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы"АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қатысты. Олар мемлекеттік қолдау шаралары, инвесторлар үшін жеңілдіктер, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары үшін преференциялар туралы айтып берді.
Кездесу барысында Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен мемлекеттік ынталандыру шаралары және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігі бойынша B2B кездесулері өтті. А. Сағиев өз кезегінде өнеркәсіптік кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша қолдау шаралары туралы ақпаратпен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Қазақстан мен Өзбекстанның жеңіл өнеркәсібінің бірлескен кластерін дамыту мақсатында үкіметаралық келісімдер жасалып, "Орталық Азия" ХӨКО құруды жеделдету жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Түркістандағы кездесуде тараптар екіжақты жобалар құру, тоқыма өндірісін дамыту және өнім экспорты бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады
Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы екі есеге артты. Өткен жылы ол 5 5 млрд құрады.
Инвесторларға индустриялық аймақ және "Turkistan" арнайы экономикалық аймағы туралы ақпарат ұсынылды. Оның аумағында жер учаскелері мен инфрақұрылымы бар өндірістік алаңдар дайындалды. Кәсіпкерлер өз бизнесін жүргізу үшін жер учаскелерін сатып алу, жалға алу, немесе бөліп төлеу арқылы жүргізе алады.
Слнымен қатар, инвесторлар Түркістанның индустриялық аймағында орналасқан "Turkistan Textile" бірлескен Қазақстан-Өзбекстан кәсіпорнының қызметімен танысты. Тігін бұйымдарын шығаратын зауыт жылына 15 мыңға дейін тоқыма өнімдерін өндіруге қабілетті. Мұнда арнайы киімдер (медициналық халаттар, формалар), сыртқы киімдер, ерлер мен әйелдер костюмдері шығарылады.
Айта кетейік, Қазақстанға сапарлары аясында өзбекстандық инвесторлар Шымкент қаласына да барды. Мұнда үшінші мегаполистің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, В2В кездесулер өткізілді. Делегаттар құрамында QazIndustry өкілдері де бірлесе бірқатар кәсіпорындарға барды. Атап айтқанда, "Azala Textile" ЖШС, "Бал Текстиль", "LUX Shoes "БК және" Барс "және т.б.