2021 жылы іске қосылған Петропавл электротехникалық зауыты бүгінде жоғары қарқынмен жұмыс істеуде. Зауытта қуаты 25-тен 2500 кВА-ға дейінгі және кернеу класы 6-10 кВ болатын ТМГ типті күштік трансформаторлар шығарылады.
Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу аясындағы мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын шығарылатын өнім көлемін 30% - ға ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашты.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты-жылына 12 мың трансформатор. Қазір мұнда 300 адам жұмыс істейді.
Кәсіпорын өнімдері негізінен экспортқа бағдарланған. Шығарылатын өнімнің 95%-н ТМД елдеріне жіберу жоспарлануда.
"QazIndustry" АҚ кәсіпорынға технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың бір бөлігін 27,4 млн теңге көлемінде өтеу жүргізді. Қаражат шеф-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына және дәнекерлеу-дайындау учаскесі үшін қосымша жабдықтар сатып алуға бағытталды. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етті және трансформаторлар шығарылымын компаниялардың бүкіл тобы бойынша 30% - ға ұлғайтуға мүмкіндік берді (жылына 3096 трансформаторға артық).
Естеріңізге сала кетейік, "Петропавл электротехникалық зауыты" ЖШС "Alageum Electric"компаниялар тобының құрамына кіреді. Ол 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен іске қосылды. "Alageum Electric" МК электр техникалық өнімдерінің жалпы өндірісінің жартысына жуығы экспортқа жіберіледі. Сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдер сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие.