"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 арналған оқыту вебинарларын өткізуді жалғастыруда. Бүгінгі күні өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері мен топ-менеджерлеріне арналған алты вебинар өткізілді. Оқыту вебинарларының спикерлері ретінде өнеркәсіптік өндірістерді цифрлық трансформациялау саласындағы сарапшылары қатысуда.
Семинар барысында қатысушылар "Цифрлық трансформация және ірі бизнестегі инновациялармен жұмыс мәселелері", "Өнеркәсіптік роботтарды енгізудің нақты мысалдары", "Қойма логистикасын автоматтандырудың перспективалы және сұранысқа ие технологиялары", "Мемлекеттік ынталандыру шаралары", "Кәсіпорындарды роботтандыру", "Цифрлық қауіпсіздік" сияқты өзекті тақырыптарды зерделеді. Спикерлер тыңдаушылармен жеке тәжірибелерімен бөлісіп, "сұрақ-жауап" форматында өндіріске жаңа технологияларды енгізудің практикалық мәселелерін талқылады.
Өткізілген вебинарлар келесі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://drive.google.com/drive/folders/1ZQ3n_WsH4cOkJfmVzsXy1a7mkFCKyqo9?usp=sharing.
Қазіргі кезде оқыту вебинарлары жалғасуда. Алдағы жоспарланған вебинарларда тыңдаушылар цифрлық өнімдерді өндірістік ортаға енгізудің практикалық тәжірибесімен таныса алады. Сонымен қатар спикерлер жүзеге асырылған жобаларды және цифрлық шешімдерді енгізудің нақты нәтижелерін көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, оқыту шеберлік сыныптары бейнеконференция форматында (Zoom платформасында) өткізіледі. Тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет: https://forms.gle/rML8jTWWc6ZJo7ZA9.
Алдағы уақыттағы жоспарланған вебинарлардың кестесін келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://qazindustry.gov.kz/ru/article/2579-qazindustry-priglashaet-k-uchastiyu-v-besplatnykh-obuchayushchikh-vebinarakh-po-tsifrovoy-transformatsii-i-industrii-40.