QazIndustry өкілдері өнеркәсіптік кәсіпорындарға мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндірді

Өткен жұмада «QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру, машина жасау саласын дамыту, стратегиялық жобалар және коммуникациялар дирекцияларының өкілдері "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан бірқатар кәсіпорындарға барды. Мамандар өнім шығару үдерісімен танысып, мемлекеттік ынталандыру шараларына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Алдымен QazIndustry өкілдері «Аромат» ЖШС барды, онда хош иіс судың 600 түрі өндіріледі. Бұл Қазақстандағы өндірістің толық циклы бар жалғыз зауыт, яғни мұнда парфюмерия тек құйылып қана қоймай, өндіріледі.

Фабрикаға жабдық Түркиядан әкелінген, кәсіпорында жылына 1,5 миллион бөтелке хош иісті су өндіріледі. "Аромат" өнімдерінің 90% Ресейге, Беларуссияға, Қырғызстанға және Кувейтке экспортталады.

Келесі барған нысан Swissgrow минералды тыңайтқыштар компаниясы. Мұнда сұйық және ұнтақталған тыңайтқыштар өндіріледі. Айта кетейік, компания аймақтағы бірінші болып агрохимиялық топырақты талдау қызметтерін қамтитын агроқосу қызметін ұсынды. Swissgrow агрономдары клиенттердің алаңдарына бару арқылы да ұсыныстар береді.

Кәсіпорын бұған дейін шығындарының бір бөлігін өтеу үшін QazIndustry-ге жүгінген. Алдағы уақытта мемлекеттік ынталандыру шараларын қайта алу мақсатында өтінім беруді жоспарлап отыр.

«Eira med» ЖШС қан орталықтары үшін медициналық бұйымдар шығарады. Компания мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы QazIndustry сайтынан біліп, қызығушылық танытып отыр. Eira Med өкілдері өндірісті жаңғырту мақсатында шетелдік қызметкерді тарту бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігін пайдаланғысы келеді. Өз кезегінде аталмыш бағыттағы ынталандыру шаралары туралы толық ақпаратты Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев түсіндіріп берді.

«QazIndustry» еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа жылжыту шығындарының екі түрін өтейді. Мемлекет кәсіпорындар шығындарының 40 пайызына дейін өтейді. Ең бастысы, құжаттар дұрыс болуы керек", - деп атап өтті А.Сағиев.

Сондай-ақ, Дирекция басшысы кәсіпорын өкілдерін әр бейсенбі күні өткізілетін арнайы Ашық есік күндеріне шақырды. Бұл туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://qazindustry.gov.kz/ru/page/open-day-everyone-thursday.