ӘР БЕЙСЕНБІ - АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің назарына!

Аптаның әр бейсенбісі күні мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өткізілетін Ашық есік күніне шақырамыз!

"QazIndustry" АҚ аптаның әр бейсенбі күні мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында Ашық есік күндерін өткізеді. Оларға дайын өнім өндіретін шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.

Кездесулер барысында мамандар QazIndustry-дың кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру шаралары аясындағы шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша көрсететін қызметі, оған қалай дұрыс өтініш беру керектігі және өтінім беру кезінде қандай қателіктерге жол бермеу қажеттігі туралы кеңес береді. Сондай-ақ, QazIndustry мамандары бұрын берілген өтінімдер бойынша жан-жақты ақпарат береді.

Ашық есік күндеріне Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы (4-ші және 5-ші қабаттар) мекенжайы бойынша QazIndustry кеңсесіне (бейсенбі, жұмыс уақыты сағат 9.00 - ден 17.30-ға дейін; түскі үзіліс - 12.30 - дан 14.00-ге дейін) келу арқылы offline немесе Zoom платформасы арқылы online түрде де қатысуға болады.

 

Online түрде қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/1yUvI_6Fiw-wWABChwFg4CNvoieeZ-5VpnwRqs0FrAn8/edit ZOOM-кездесуден бір күн бұрын тіркелу кезінде сіз көрсеткен e-mail және WhatsApp-қа жеке сілтеме жіберіледі. Барлық сұрақтар бойынша +7 778 171 24 66, +7 708 554 83 37 байланыс телефоны арқылы немесе a.adilsultani@qazindustry.gov.kz. почтасы арқылы хабарласуыңызға болады.