ӘР СЕЙСЕНБІ ЖӘНЕ БЕЙСЕНБІ - АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ

Бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің назарына!

Аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өткізілетін Ашық есік күндеріне шақырамыз!

Ашық есік күндеріне дайын өнім өндіретін шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.

Кездесулер барысында мамандар QazIndustry ұсынатын кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру шаралары аясындағы шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша көрсететін қызметі, оған қалай дұрыс өтініш беру керектігі және өтінім беру кезінде қандай қателіктерге жол бермеу қажеттігі туралы кеңестер береді. Сондай-ақ, QazIndustry мамандары бұрын берілген өтінімдер бойынша жан-жақты ақпарат береді.

Ашық есік күндеріне Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы (4-ші және 5-ші қабаттар) мекенжайы бойынша QazIndustry кеңсесіне (сейсенбі және бейсенбі, сағат 9.00 - ден 17.30; түскі үзіліс - 12.30 -14.00-ге дейін) келу арқылы offline немесе Zoom платформасы арқылы online түрде де қатысуға болады.  Online түрде қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/1yUvI_6Fiw-wWABChwFg4CNvoieeZ-5VpnwRqs0FrAn8/edit

ZOOM-кездесуден бір күн бұрын тіркелу кезінде сіз көрсеткен e-mail және WhatsApp-қа жеке сілтеме жіберіледі.

Барлық сұрақтар бойынша +7 778 171 24 66, +7 708 554 83 37 байланыс телефоны арқылы немесе a.adilsultani@qazindustry.gov.kz. почтасы арқылы хабарласуыңызға болады.