Ағымдағы жылдың 13 шілдесі күні Алматы қаласында өнеркәсіптегі мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында кәсіпкерлерге арналған семинар өтеді. Іс-шараны "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырады.
Семинарда өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдеріне еңбек өнімділігін арттыруға және отандық тауарларды ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы түсіндіріледі. Атап айтқанда, мамандар шығындарды өтеуге өтінімдерді жіберу тәртібі жайлы және құжаттарды рәсімдеу барысында қандай қателіктер жібермеу қажеттілігі туралы толық ақпарат береді.
Кездесу Алматы қ., Жібек жолы көшесі, 135 (2-блок, 8-қабат, кеңсе-залы) мекенжайы бойынша өтеді. Басталуы сағат 11.00.
Қосымша ақпарат алу үшін 8-778-171-24-66 (Айсұлу) байланыс телефонына хабарласуға болады.