Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде 33,9 млрд теңгеге жиһаз өнімі өндірілген. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3 % - ға жоғары. Нақты көлем индексі айтарлықтай ұлғайып, 118,5 %-ға жетті.
НКИ жоғарылауы өндіріс көлемінің артуымен байланысты. Атап айтқанда металл жақтауы бар отыруға арналған жиһаздар (қатты), жатын бөлмеге, асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаздар өндірісі екі есеге, жатын бөлмелеріне арналған ағаш жиһаз - 37,8 % - ға, жұмсақ арқасы бар отыруға арналған жиһаз - 27,2 % - ға, кеңсе металл шкафтары - 82,1 % - ға артқан.
Жиһаз өнімдерін тұтынудың ішкі нарығы 2023 жылғы қаңтар - сәуір кезеңінің қорытындысы бойынша 159,2 млн АҚШ долл.(72,3 млрд теңге) құрады. Отандық өндірістің үлесі 37% жетті.
Жиһаз өнімі экспортының көлемі 2023 жылдың қаңтар - сәуір айларында 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ақшалай мәнде алып қарағанда 91,5% өсіп, 3,9 млн құрады. Қазақстандық жиһаз негізінен ТМД елдеріне экспортталады.
Есепті кезеңдегі жиһаз өнімі импортының көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24 % - ға төмендеп, 100,3 млн АҚШ долл. құрады.
Жиһаз өндіретін кәсіпорындар еліміздің барлық аймақтарында орналасқан. Жиһаз өнімдерінің 27 % Алматыда өндіріледі (9,1 млрд теңге). Сондай-ақ, жиһаз өндірісі бойынша көшбасшы өңірлер Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстары болып табылады.