«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ IT-қауымдастығы өкілдерін өңдеуші кәсіпорындар мен тау-кен металлургия кешенінің цифрлық стратегиялары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ынтымақтастыққа шақырады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға кәсіпорындардың ағымдағы жағдайын талдау (технологиялық аудит), жаңғырту үдерісінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, цифрлық стратегияларды (жол картасын) енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, ұсынылатын отандық цифрлық шешімдер пулы және қолданыстағы мемлекеттік ынталандыру шаралары түсіндіріледі.
Қатысу үшін цифрлық трансформация дирекциясының бас сарапшысы Макушкин Абай Асылбекұлына 8 (7172) 79-33-90 (ішкі 1075), 8-707-522-14-95 телефондары арқылы хабарласу қажет.