"Бурное сүт компаниясы" ЖШС
Мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында "Бурное сүт компаниясы" ЖШС сүт өнімдері бойынша ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік алды. "QazIndustry" АҚ кәсіпорынның технологиялық процестерді жетілдіру және ашытылған сүт өнімдерін шығаруға мүмкіндік беретін мамандандырылған жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеді.
"Бурное сүт компаниясы" ЖШС 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын 1951 жылдан бастау алған аты аңызға айналған Бурненский ірімшік зауытының негізінде құрылған. 72 жылдық тарихы бар кәсіпорында қатты ірімшіктердің бірнеше түрлері, сары май, қоюландырылған және ультра пастерленген сүт, сондай-ақ, 2022 жылдан бастап айран 2,5% және май 3,2% және кұрт сияқты қышқыл өнімдерді шығарумен айналысады.
Мемлекеттің отандық кәсіпорындарға шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде қаржылық қолдау көрсететіні туралы компания басшылығы алғаш рет 2019 жылы естіген және сол кезден бастап QazIndustry-ге өтінім беруде. Компанияға сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыруға, атап айтқанда технологиялық процестерді жетілдіруге бағытталған шығындардың бір бөлігі өтелді.
Айта кетейік, қазақстандық кәсіпорындар мемлекеттік ынталандыру шараларын бірнеше рет ала алады.
"2019-2023 жылдар аралығында біздің компания мемлекеттік ынталандыру шараларын төрт рет алды. 2019 жылы Бізге 15 528 791,60 теңге, 2020 жылы - 9 547 776 теңге, 2022 жылы - 8 984 000 теңге, 2023 жылы - 6 480 000 теңге өтелді. Біз Qazindustry-ге кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға және технологиялық процестерді жетілдіруге және өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге байланысты шығындарды өтеуге өтінім бердік. Осы жылдар ішінде мемлекеттік қолдаудың арқасында өндірісте жабдықтарды монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Біз сондай-ақ ашытылған сүт өнімдерін өндіруге арналған жабдықты сатып алдық, енді айран мен құрт шығарамыз", - дейді "Бурное сүт компаниясы" ЖШС директоры Свамбай Аринов.
Кәспорын өндірген ірімшіктер Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де сұранысқа ие. Сонымен қатар, бүгінгі күні өнімді Ауғанстан мен Түркияға жеткізу мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізілуде. 2015 жылы компания Қытайдағы көрме-жәрмеңкеге қатысып, өз өнімдерін сәтті таныстырды.
Кәсіпорынның технологтары сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейту бағытында үнемі жұмыс істейді. Соның нәтижесінде кәсіпорын ассортименті макаронға, рисоттоға, омлетке қосатын, алдын ала үккіштен өткізетін қатты "Пармезан" ірімшіктерімен толықтырылды.
"Бурное сүт компаниясы" ЖШС өнімдері отандық сүт кластерін дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше салалық марапаттарға ие болды. "Бурненские" маркалы ірімшіктер 2014 және 2015 жылдары World Food Kazakhstan көрмелерінде үздік деп танылды. Сонымен қатар, кәсіпорын "Қазақстанның үздік тауарлары" өңірлік көрмесінде екінші орынға ие болды. 2019-2021 жылдары компания "Сала көшбасшысы"атағына ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, "QazIndustry" АҚ кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызмет көрсетеді. Бұл мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша толық ақпаратпен https://qazindustry.gov.kz/ (басты беттегі "бизнесті ынталандыру" бөлімі) ресми сайтынан танысуға болады.
Сондай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру мәселелері бойынша сарапшылардан жеке кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry әр бейсенбі сайын Ашық есік күндерін өткізеді. Ашық есік күндері Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 4-қабат мекенжайында (жұмыс уақытында, 9.00 - 17.30 дейін; түскі ас-12.30-дан 14.00-ге дейін) өткізіледі.
Кеңес алу үшін ZOOM платформасында online түрдегі форматта қарастырылған. Ол үшін мына сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/1yUvI_6Fiw-wWABChwFg4CNvoieeZ-5VpnwRqs0FrAn8/edit
Барлық сұрақтар бойынша +7 778 171 24 66, +7 708 554 83 37 немесе a.adilsultani@qazindustry.gov.kz хабарласуға болады.