"Qazindustry" өкілдері 31 шілде мен 7 тамыз аралығында Алматы қаласының ("Кемикал қазақстандық мұнай-химия компаниясы" ЖШС, "Leportem" ЖШС), Алматы облысының ("DOLCE" ЖШС, "Интеллсервис" ЖШС) және Жетісу облысының ("Талдықорған кабель " ЖШС) өнеркәсіптік кәсіпорындарына барады").
Сапарлардың мақсаты технологиялық процестерді цифрландыру стратегиялары үшін ұсыныстар әзірлеу.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағымдағы жай-күйін талдау, жаңғырту процесін егжей-тегжейлі сипаттап, отандық цифрлық шешімдер пулын қалыптастыру, цифрлық жол карталарын кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ мемлекеттік ынталандыру құралдарының қолданыстағы шараларын түсіндіру кіреді.
Qazindustry жобалық командасының жоспарланған сапарына байланысты Алматы қаласының "Алатау технопаркі" ИТП АЭА аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлері үшін оқыту дөңгелек үстелін өткізу және пилоттық цифрлық жобаларды енгізу шарттарын талқылау жоспарлануда.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Индустрия 4.0 тұжырымдамасы туралы түсінік қалыптастыру, технологиялық шешімдер бойынша қолжетімді ұсыныстар туралы хабардар ету, сараптамалық пікірлер алу, өнеркәсіп проблемаларын және цифрлық трансформация құралдарын қолдану мүмкіндіктерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, QAZINDUSTRY цифрлық трансформация дирекциясы ҚР ИИДМ қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындарда IT - шешімдерді енгізу арқылы өнеркәсіптік сектордың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған пилоттық жобаларды енгізу-жаңа бастаманың іске қосылғаны туралы хабарлады.