Отандық машина жасаудағы өндіріс көлемі 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай мәнде 1,4 есеге өсті.
Егер 2022 жылғы қаңтар-мамырда машина жасау саласы 1086 млрд теңгеге өнім өндірсе, осы жылдың осы кезеңінде - 1508 млрд теңгеге өнім өндірілді.
Қазақстандық өнім экспортының көлемі 2,4 есеге артып, $1351,7 млн-ға жетті.
Қостанай облысының (452 млрд теңге), Алматы (302 млрд теңге) және Астана (121 млрд теңге) қалаларының машина жасау кәсіпорындары ең көп өнім өндірді.
Машина жасау секторларындағы өндірістің ең үлкен көлемі автомобиль, теміржол және ауылшаруашылық машиналарында байқалады.
"QazIndustry" Машина жасауды дамыту дирекциясының хабарлауынша, 2023 жылы елімізде машина жасау саласында 36 жобаны іске асыру, осы салаға 230 млрд теңге инвестиция тарту және 3800 жұмыс орнын құру жоспарланған. Болжам бойынша, Машина жасаудағы өндіріс көлемі жыл қорытындысы бойынша 866 млрд теңгеге жетуі жоспарлануда.