Qazindustry өкілдері Алматы, Жетісу және Алматы облыстарына барды

Ағымдағы жылдың 31 шілдесі мен 7 тамыз күндері аралығында «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мамандары Алматы қаласының, Жетісу және Алматы облыстарының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, «Кемикал Қазақстан Мұнай-химия компаниясы» ЖШС, «LePorteM» ЖШС, «DOLCE» ЖШС және «Glasman» ЖШС. Іс-сапардың негізгі мақсаты кәсіпорындардағы технологиялық процестерді цифрландыру стратегияларына ұсыныстар әзірлеу.

Сапар қорытындысы бойынша сарапшылар кәсіпорындардың жай-күйіне және оларды жаңғырту деңгейіне талдау жүргізіп, цифрлық жол карталарын іске асыру және отандық цифрлық шешімдер пулын қалыптастыру мәселелерін күн тәртібіне шығарды.

Сонымен қатар, «PcVue Solutions», «Daedalus Mind Projects» және «Softing IT» компанияларымен бірлесіп Алматы қаласының «Алатау технопаркі» ИТП АЭА аумағында жұмыс істейтін өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға "Nova Vision", "Prima Group Company", "А-Медикал", "Компания Балхан", "Миртек", "Компания Лекоин" және т.б. компаниялардың 20-ға жуық өкілдері қатысты. Олар өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау саласындағы озық инновациялармен және шешімдермен танысып, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

 

Мастер-класс өнеркәсіп өкілдері мен IТ-компаниялар арасында тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ кәсіпорындарда ынтымақтастық пен цифрлық трансформацияны дамыту жолдарын іздеуге арналған платформаға айналды.