«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері а.ж. 14-17 тамыз күндері аралығында Қостанай облысының өнеркәсіп кәсіпорындарына («Пластокно-Қостанай» ЖШС, «Варваринское» АҚ және «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС) барады. Іс-сапардың негізгі мақсаты кәсіпорындардағы технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясы үшін ұсынымдар әзірлеу.
Мамандар өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағымдағы жай-күйіне талдау және жаңғырту процесінің егжей-тегжейлі сипаттамасын жасайды. Сонымен қатар, отандық цифрлық шешімдер пулы, цифрлық жол карталары, сондай-ақ мемлекеттік ынталандыру құралдарының негізгі шараларын түсіндіреді.
Естеріңізге сала кетейік, «Qazindustry» АҚ Цифрлық трансформация дирекциясы ҚР ИИДМ қолдауымен жаңа бастама - өнеркәсіптік кәсіпорындарда IT-шешімдерді енгізу арқылы өнеркәсіптік сектордың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған пилоттық жобаларды енгізу туралы жариялаған.